Кешенді олимпиада

Кешенді олимпиада

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Финист» компаниясымен бірлесіп 2018 жылғы 20 желтоқсанда 5-6 сынып оқушыларына арналған  VІI облыстық кешенді олимпиадасын өткізді. Олимпиада онлайн режимде өтті.Қатысушылар математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындады. Жеке мәтіндер ретінде дайындалған әр бағыттағы тапсырмалар қатысушылардың әр түрлі пәндік саладағы білімдерін анықтайтын мәселелерді, дұрыс дәйектелген математикалық ой-пікірлерін айта білу, қоршаған әлемді түсінуге қажетті қорытынды жасау, білімді тәжірибеге айналдыру ептіліктерін қамтыды. Бұндай тапсырмалар орта буын оқушыларының жоғары деңгейдегі дербестігін, функционалдық сауаттылығын, мәтіндік тапсырмаларымен жұмыс жасау ептілігін дамытып, зияткерлік іс-шаралардың заманауи талаптарына сәйкестенеді. Қорытындысында төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

Бәкіжан Қуаныш , 6-сынып, II орын,  Тюлюгенов Аслан 6-сынып, II орын,   Қанатбек Мади 6-сынып, II орын,   Есимов Джамиль 6-сынып, ІII орын,   Амангелді Камила 6-сынып, ІII орын,  Нургазинов Алихан 6-сынып, ІII орын.Пән мұғалімдері: Кожагельдинова Г.Н, Омарова К.О, Кайдарова Л.С, Абдрахманова Ф.Е.

                                 Құттықтаймыз!!!

Дата: 21-12-2018 Автор: Жас дарын