Республикалық ғылыми жобалар конкурсы

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2019 жылғы 13–16 ақпан аралығында Алматы қ. «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы негізінде өткізілді. Ғылыми жобалар конкурсына 14 облыс, Алматы, Астана, Шымкент ққ. және республикалық білім беру ұйымдарынан 800 оқушы қатысты. Павлодар облысынан облыстық кезеңінің 46 жеңімпаздары мен жүлдегерлері 35 жобамен қатысты.Мектептің тарихын тағы бір жеңісті күн алып келген біздің мақтаныштарымыз. ІІ орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10, 11 сынып оқушылары Сыпатаев Алишер, Қуаныш Еркебұлан; ІІІ орын– «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Муратов Ислам;Пән мұғалімдерін,оқушыларды, ата-аналарын құттықтап,зор алғысымызды білдіреміз.

Дата: 27-02-2019 Автор: Жас дарын