Құрметті ұстаз қауымы!

Құрметті ұстаз қауымы!

Сіздерді Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

     Ұстаз - елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық. Себебі, Қазақстанның болашағы ұстаздың қолында. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей ұстазға байланысты.

    Сіздердің мейрімдерініз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!

Дата: 03-10-2019 Автор: Жас дарын