КИБЕР КІТАП

КИБЕР КІТАП

"Павлодар қаласының" Жас дарын" мамандандырылған мектебі" ММ-де 24 қаңтар күні облыс және қала мектептерінің информатика пәні оқытушылары мен оқушыларына мастер-класс өткізілді. "Ел үміті" бастамасы аясында ҚР Тұңғыш Президентінің қалауымен "Кибер-нация" бағдарламасы құрылған. Осы бағдарламаны орындау үшін АНО "КИБЕР СТРАНА" цифрлық оқулық негізінде интерактивті бағдарламалау курсын құрастырды. 
Мастер-класстың оқытушылары АНО "КИБЕР СТРАНА" негізін қалаушысы және басқарма төрағасы Паволоцкий Роман Михайлович, арт-продюсер Азаров Андрей Андреевич, сонымен қатар "КИБЕР КІТАП" компаниясының бас директоры Айбасова Балжан Жаксылыковна.

Дата: 25-01-2020 Автор: Жас дарын